• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Маусым, 2021

Алматыда бақылау камерасына түсіп қалған ұрылар ұсталды

144 рет
көрсетілді

Алматыда үй тонаумен айналысқан екі ер адам ұсталды. Олар бұған дейін жеке үйде орнатылған бақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде жарияланған видеода екі ер адамның «Нұр Алатау» шағынауданындағы жеке үйдің аумағына заңсыз кірген сәті түсірілген.

«Қылмыс түн ішінде болған. Жеке үйдің ауласына кіріп, қаскөйлер Hyundai автокөлігінің есігін ашып, сол жерден үй иесінің жеке мүлкін ұрлаған. Әйел материалдық шығынды 200 мың теңгеге бағалады. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген.

Күдіктілер бірден анықталды. Біреуі 1998 жылы туған В. есімді  Алматы облысының тұрғыны және екіншісі 1998 жылғы Б. есімді алматылық ер адам. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас тағы үш адамның мүлкін ұрлауға қатысы бар екені дәлелденді. Барлық эпизодта қаскөйлер қоршау арқылы әрекет еткені назар аудартады», деді Алматы қалалық ПД криминалдық ПБ-ның бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.