• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанға Қарақалпақстан командасы келді

1321 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен еліміздің барлық өңірінен үздік топтар сайысқа түсетін «КТА» (Көңілді тапқырлар алаңы) ойынының 1\8 және 1\4 ширек финалдық сайысы өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жобаны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, туысқан халықтар арасындағы жастардың достығына дәнекер болу. Сонымен қатар өнерге баули отырып, қоғамдағы қордаланған проблемаларды астарлы әзілмен жеткізу, жастар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, көшбасшылық қабілетін жетілдіру.

Осындай халықаралық жобаға бұл жолы Қарақалпақстанның Шоманай ауданынан «Шоманай» командасы да  келіп қатысты.

Аудан әкімі Бахадүр Янгибаевтың демеушілігімен 3000 шақырым жолды артқа тастап Нұр-Сұлтанға бет бұрған бұл команданы Шоманай ауданы әкімінің орынбасары Әмірхан Қайыпназаров бастап келді.

Юсуп Сейдуллаев, Бахадир Құтлымұратов, Байрам Адилов, Мұхаммед Наурызов және Қанат Айғазиев сынды жігіттерден құралған «Шоманай» командасы сәлемдесу және қысқа қалжың номинацияларында өнер көрсетіп, 19 команда арасынан 1\4 финалына өтті.