• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Ақмола облысындағы жол апатынан 25 жолаушы зардап шекті

302 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы маусымның 14-де сағат 09:35 шамасында «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» тасжолының 37-шақырамында болған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Анықталғандай, «Ауди» көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Kaessbohrer Setra» жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан автобуста болған 25 жолаушының жетеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін материалдар сотқа жолданды.