• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Шығыс Қазақстанда 3 жасар бала құдыққа түсіп кетті

693 рет
көрсетілді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое аудандық полиция бөліміне құдыққа құлаған 3 жасар баланың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабар түсті, деп жазады Egemen.kz

«Ойнап жүріп жер үйдің ауласынан алыстаған бүлдіршін абайсызда құдыққа түсіп кетті. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ол медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері өңір жұртшылығына кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.