• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Бизнес 14 Маусым, 2021

Маңғыстауда балық өндіретін 2 кәсіпорын ашылады

595 рет
көрсетілді

Маңғыстауда балық шаруашылығының әлеуеті 380 000 тоннаны құрайды. Жыл соңына дейін қуаты жоғары балық өндіретін 2 кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев мәлім етті.

«Қаракөл аумағында қуаты жылына 30 тоннаны құрайтын тоғанды балық шаруашылығын жеке кәсіпкер «Бөлекбаев» қолға алды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда. Шаруашылықта 9 балық өсіретін қазандық бар, 12 адам жұмыспен қамтылады. Ал, екіншісі – «Beluga Queen» ЖШС. Аталған мекеме «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында құны 20 млрд теңгені құрайтын бекіре балығын өндіру бойынша ауқымды кешен салуды жоспарлап отыр. Жылына 50 тонна уылдырық беретін кәсіпорынның қуаты – 400 тонна. 100 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланды», деді Есенқос Әділбаев.

Баспасөз конференциясына Маңғыстау облыстық инспекциясы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Адизал Шихметов қатысты. Спикер Каспий теңізінде анықталған браконьерлік фактілерге тоқталды.

«2020 жылдың 5 айында басқарма қызметкерлері 90 рейд өткізді. Тексеріс барысында 24 заңбұзушылық анықтады. Оның ішінде 155 кг бекіре тұқымдас балық, 1 аулау құралы, 3 қайық пен көлік құралының бар екендігі мәлім болды. 1 қылмыстық іс қозғалып, жауапты органға тіркелді. Заңсыз балық аулап, ережені бұзғандарға 393 795 теңге әкімшілік айыппұл салынды», деді Адизал Шихметов.

Мамандардың айтуынша, балық шаруашылығын дамыту мақсатында алдағы 10 жылда барлығы 60 млрд теңгеге жеке инвестиция тарту жоспарлғанған. Сәйкесінше 24 шарбақты балық шаруашылығы салынып, 100 мың тонна балық өсіріледі.