• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Теннис 15 Маусым, 2021

«Ролан Гаррос» додасы аяқталды

141 рет
көрсетілді

Парижде жүлде қоры 34 367 216 еуроны құраған «Ролан Гаррос» турнирі өз мәресіне жетті. Екі аптадан аса уақытқа созылған жарыста әлемнің ең үздік теннисшілері бақ сынады.

Ерлер сайысында Новак Джокович дара шықты. Ақтық айқаста Сербияның саңлағы Грекияның сайыпқыраны Стефанос Циципасты сан соқтырды. Бір қызығы, алғашқы екі сетте ежелгі Эллада елі өкілінің мысы басым болды – 7:6, 6:2. Алайда одан кейін қарқынын күрт күшейткен Джокович жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті – 6:3, 6:2, 6:4. Бұл бәсеке 4 сағат 12 минутқа созылды. Бұл оның «Ролан Гарростағы» екінші бас жүлдесі. Әйелдер арасында сенсациялық нәтиже тіркелді. Әлемдік рейтингте ТОП-30 ойыншының қатарына да енбеген Барбора Крейчикованың қарқынына бұл жолы ешкім шыдай алмады. Чехия теннисшісі финалда ресейлік Анастасия Павлюченковадан басым түсті – 6:1, 2:6, 6:4.