• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2021

Өскеменде 70 жыл бұрын салынған жатақхана қирап қалды

236 рет
көрсетілді

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 тұрғынды эвакуациялады. 10 азамат сол жерден өз бетімен шығып үлгірген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақап атты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен 8 шаршы метрді құраған. Алдын ала мәлімет бойынша үйде 50 адам тұрады. Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады. Комиссия мүшелері жұмыс жүргізуде.