Қызылорда облысында көпқабатты үйде болған өрттен бес жастағы ұл бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында болған. Пәтердегі киімдер мен жиһаздардың өртенуінен қызыл жалын 16 шаршы метр аумаққа жайылған.
Өрт сөндірушілер келем дегенше, баланың мәйіті тұрғындардың күшімен сыртқа шығарылған. Ғимарат ішінен барлығы 8 адам сыртқа шығарылды, оның 6-уы ересек, 2-уі бала. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.