• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2021

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

308 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшылары қала орталығындағы тұрғынның үйін тексеру кезінде ауласынан 189 түп есірткіге ұқсас өсімдік, сондай-ақ гараж ішінен газет қиындысына оралған 2 пакет, есірткі тұтынуға арналған құралды тапқан. 

Жүргізілген сапартама нәтижесінде 189 түп өсімдіктің сора екені белгілі болды, ал гараждан алынған өсімдік кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полицейлер күдіктінің өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.