• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2021

Шымкентте «Қала күніне» арналған барлық іс-шара ашық аспан астында өтеді

1073 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының 2200 жылдығы және   Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай 19  маусым - «Қала күні» мерекесі тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Осыған орай, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 15-20 маусым аралығында 52 мерекелік іс-шараны өткізу  жоспарланды.

Барлық  іс-шара ашық аспан астында өтеді.  Шымкенттіктер мен  қонақтар үшін қала орталығындағы саябақтарда кітап көрмесі, театрларда тегін қойылымдар, жаңарған, күрделі жөндеуден өткен заманауи кітапханалардың ашылу салтанаты, ашық аспан астындағы түрлі ойын-сауық кештері болады.

Айта кету керек,  театр, мәдениет сарайындағы мерекелік қойылымдарға келген көрермендер Ashyq қосымшасы арқылы тексеріліп, ара қашықтықты сақтай отырып тамашалайды.  Сонымен бірге  іс-шараларды тамашалаушылар  антисептик қолданып,  бетперде тағуы міндетті.

Мерекелік іс-шаралардың алғашқысы бүгін Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласының тарихы» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.