• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2021

Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

291 рет
көрсетілді

Петропавлдың Жұмысшы кентінде көше кезіп жүрген бала табылды. Шамамен екі жаста. Қазір сәбидің ата-анасы іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балақайды кеше кешкі сегіз шамысанда тұрғындар тауып алып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырған.

Ювеналдық полиция мамандары балақайға киім-кешек, аяқ-киім және басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде. 

«Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе «102» арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Оның ата-анасына тәрбие, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін», дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.