• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда 403 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

475 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 403 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Одан бөлек 367 оқушы мектепті үздік аяқтады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мектеп түлектерінің алдына бұдан да анағұрлым маңызды мақсаттар қоятын кез келді. Олардың өмірінің жаңа кезеңі басталуда. Бұл, расында, толғанысқа толы әрі жүрегің тулап, қобалжитын сәт. Жастардың көбі қазірден-ақ ұнайтын мамандықтарын таңдап қойды және сол жолда мақсаттарына қадамдап жететін болады. 

«Алтын белгі» иелерін құттықтадым. Олардың саны – 403 оқушы. Одан бөлек, 367 оқушы мектепті үздік аяқтады. Бұл оқу жылы бәріне оңай тиген жоқ, соған қарамастан біздің оқушылар республикалық олимпиадалар мен байқауларда, соның ішінде халықаралық деңгейде де 1400 медальді жеңіп алды. Елорданың құрама командасы осымен 14-інші жыл қатарынан жалпы командалық есепте 1-орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын алды. Мұның бәрі – біздің оқушылар мен мұғалімдердің және ата-аналардың қажырлы еңбегі мен жаңа білім алуға деген талпынысының, ниетінің арқасы», деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ қала әкімі әр түлектің мақтауға лайық екенін, алайда әлі де көп оқып, жаңа машықтар мен білімді меңгеру керек екенін айтты. 

«Ештеңе де оңайшылықпен келмейді, тек маңдай тер мен терең білімнің арқасында діттеген ойларыңызға жетіп, өз еліңіз бен қалаңыздың лайықты азаматтары бола аласыздар. 

Мемлекет тарапынан сіздердің сапалы білім алып, жайлы жерде оқуларыңыз үшін барлық жағдай жасала береді. 

Ал біздің елордамыз сіздердің ең бір батыл бастамаларыңызды жүзеге асыратын, болашақ мықты мамандық иелері болуларыңызға даңғыл жол ашатын астана болып қала береді», деп жазды елорда әкімі.