• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2021

БҚО тұрғынынан граната, қылыш және діни кітаптар тәркіленді

1165 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында шаруа қожалығы басшысынан граната, мылтық, оқ-дәрі, пышақ, қылыш, сондай-ақ діни кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаменті мәлім еткеніндей, қазіргі кезде Тасқала ауданындағы шаруа қожалығының басшысы, 1966 жылғы А-ға қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне (заңсыз қару сақтау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Анықталғанындай, А. бұрын Ресей Федерациясының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп, мерзімінен бұрын босаған.

2016 жылы Қазақстанда ұрлық жасағаны үшін бас бостандығы шектелген. Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимовтың айтуынша, күні бүгін күдікті ковид және екіжақты пневмония диагнозымен стационарда жатқандықтан, одан жауап алу, тергеу изоляторына ауыстыру әзірге мүмкін емес.

«А-ның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тіркелмеген «MAVERIC» мылтығы (винчестер), 12 калибрлі мылтықтың 11 оқ-дәрісі, 3 пышақ (қанжар), Калашников автоматының 1 оқ-дәрісі, мылтық тазалайтын құрал тәркіленді. Сонымен қатар діни кітаптар мен дәптер табылды. Оған қоса оның шаруа қожалығын тінту кезінде бір әскери граната, Макаров тапаншасының 16 дана оқ-дәрісі, Калашников автоматының 3 дана оқ-дәрісі, «ЛОСЬ-7» шолақ мылтығы, қылыш, 6 дана діни кітап тәркіленді», деді М.Аблазимов.