• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Маусым, 2021

СҚО экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

386 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінде жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің бұйрығымен СҚО бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Азамат Бектасов тағайындалды.

Жаңа басшыны ҚР ЭГТРМ экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов таныстырды.

Азамат Бауыржанұлы еңбек жолын Есіл ауданының Покровка ауылында педагог болып бастаған. 2014-2020 жылдары СҚО бойынша экология департаментінде бас маман, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

Кейін Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Осы уақытқа дейін СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.