Күні кеше 2021 жылдың 23 наурызында ЦСКА клубының басшысы болып тағайындалған Ивица Олич қызметінен кететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Жаңа бапкер әлі анықтала қоймаса да ресейлік БАҚ клубтың ендігі жаттықтырушысы қазақстандық бапкер болуы мүмкін деген ақпарат таратты.
РБ Спорт порталының хабарлауынша, Армения мен Қазақстан азаматтығы бар, Тобыл ФК-ны басқарған 41 жастағы Григорий Бабаян ресейлік ЦСКА-ның бас бапкері болуы мүмкін.
Бабаян біраз уақыт бұрын ЦСКА-да тағылымдамадан өткен, ол кезде клубты Виктор Гончаренко басқарған. «Тобылға» дейін ол «Астана» ФК-да жұмыс істеген.