Ресейде короновирус инфекциясының үшінші толқыны жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел астанасы мен Мәскеу облысында сауда, сән салондар, СПА, монша, фитнес-клубтар, бассейн, қоғамдық тамақтану, қаржы мекемелері, пошта, МҚО, қоғамдық көліктер (соның ішінде такси қызметі), білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика салалары қызеткерлерін міндетті вакцинацидан өткізу туралы шешім қабылданды.
Мәскеу мэрі С.Собянин Ресей астанасындағы эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын хабарлады. Оның мәліметтеріне қарағанда, қаладағы вирустың таралу көрсеткіші өткен жылғы ең жоғары мәндер деңгейіне жеткен.
Қазіргі уақытта 12 мыңнан астам адам ауруханада жатыр. Тек өткен тәуліктің өзінде індеттен 70 науқас көз жұмған. Ресейде соңғы 24 сағат ішінде COVID-19-дың 13,3 мың жаңа дерегі тіркелген.