Алматыдағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты. Полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы Қалалық Полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер кешені өткізіледі, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.