• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2021

Ақтөбеде автокөлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті

269 рет
көрсетілді

Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылында көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерген, ал 3 жасар бала өртеніп кетті.

«Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескерту жасаймыз. Баланы қадағалап отыру керек. Сонымен бірге балаларға қарапайым сақтық ережесін, қауіпсіздік туралы жиі айтыңыз. Жазатайым оқиғалар көбіне қайғылы аяқталып жатады», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.