• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2021

Рухани: АҚШ-тың санкцияларына қатысты келіссөз аяқталуға жақын

209 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қатысты келіссөздер аяқталуға жақын. Бұл туралы Иран президенті Хасан Рухани ел астанасы Тегеранда өткен Министрлер кеңесінің отырысынан кейін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Рухани Иран президенті лауазымынан кеткенге дейін Иранға қарсы санкциялар жойылатынына үміттенеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Иран билігі басқа елдерден кем дегенде 50-60 миллиард доллар көлемінде несие алып, инвестицияға бағыттағанымен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың санкциялары бұл бастамаға тосқауыл қойды.

«Венада ядролық келісім бойынша келіссөздер жалғасуда. Санкциялар мәселесі бойынша біз соңғы сатыда тұрмыз. Бұл сөздің қаншалықты тиімсіз екенін білемін. Біз санкциялардың күшін жою туралы бәрібір келісімге келуіміз керек. Қазіргі үкіметтің мерзімі аяқталғанға дейін санкциялар жойылады деп үміттенеміз», деді Рухани.