«Ashyq» жобасы жүзеге асырылғалы бері оған елорданың 1200-ден астам кәсіпкері қатысты. Бұл жобаның арқасында карантиндік шектеулер жағдайында бизнес түрлі жеңілдіктермен жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы қаулысына сәйкес, QR-код арқылы (check-in бойынша) келушілерді көп тіркеген нысанға «Ashyq» көшбасшылары» статусы беріледі. Бұл статусты кәсіпкерлік нысан екі апта бойы иемденеді.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 72 кәсіпкер QR-код арқылы (check-in бойынша) келушілерді барынша көбірек тіркеді. Олардың басым бөлігін қоғамдық тамақтану нысандары, кинотеатрлар, театрлар мен бассейндер құрайды.
Жалпы, «Ashyq» пилоттық жобасының мақсаты – ең алдымен келушілер мен нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.