• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2021

COVID-19-ға қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуынан заң бұзушылықтар анықталды

295 рет
көрсетілді

Сенаттың жалпы отырысында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова COVID-19-ға қарсы күресте бөлінген қаржының жұмсалу барысында 355 млрд теңге көлеміндегі заң бұзушылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Годунованың айтуынша, дағдарысқа қарсы қаражатты пайдалану бойынша бірқатар мәселе бар.

«6,9 триллион теңгенің 4,5 триллионы тексерілді, оның 2 триллионына аудит жүргізілді. 355 миллиардтың заң бұзушылықтары анықталды, тағы 243 миллиард үкіметпен бірлескен жұмыс барысында қайта бөлініп, таратылды», деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, халықты жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан шараларда да шикіліктер бар.

«Жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде сақтап қалсақ та, бастапқыда жұмыспен қамтуды қолдау бойынша шығындардың едәуір бөлігі уақытша жұмыс орындарын құруға бағытталды, оның орташа уақыты 1 - 3 айды құрады», деп қосты есеп комитетінің басшысы.

Ботагөз АМАЛБЕК