• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2021

Израиль Газа секторына тағы да шабуыл жасады

233 рет
көрсетілді

17 маусым күні кешке Израиль қорғаныс әскері Газа секторындағы ХАМАС нысандарына зымыран шабуылын жасады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Бұл тараптар арасындағы атысты тоқтату туралы шешімнен кейін бір апта ішінде жасалған екінші шабуыл. Израиль Газа секторына алғашқы соққыны 16 маусым, сәрсенбіде жасады.

Associated Press басылымының мәліметі бойынша, Израиль Газа секторы аумағынан жарылғыш құрылғылар мен жанғыш заттары бар шарлар ұшырылуына жауап ретінде ХАМАС нысандарына шабуыл жасаған. Бұл еврей мемлекетінің аумағында өрт шығуына себеп болған. Палестиналықтардың мұндай шабуылдары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. 

Еске салайық, 10 мамырда Иерусалим, Бейт-Шемеш және елдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылын соққан болатын. Зымыранмен жасалған соққыларға жауапкершілікті ХАМАС әскері өз мойнына алды.

Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына Газа секторынан зымыранмен соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына қарымта жауап дейді Израиль тарапы. 21 мамырда Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатуға келіскен.