• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Маусым, 2021

Алғашқы күні үш жүлде алдық

144 рет
көрсетілді

Ливанның астанасы Бейрутте таэк­вондодан ерлер мен әйелдер ара­сындағы Азия чемпионаты басталды. Бұл жарыста Қазақстанның 15 даян шеберлері өнер көрсетуде.

 

Алғашқы күні жерлестеріміз үш жүлдеге иелік етті. 54 кило салмақтағы Саят Темір­хан қола медальді мойнына ілсе, 87 кило салмақтағы Смайыл Дүйсебай ақтық сынға дейін алқынбай жеткенімен шешуші тұста Оңтүстік Кореяның өкілінен ұтылып, қатарынан екінші мәрте Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ал 2018 жылы ол Вьетнамның Хошемин қаласында «сары құрлықтың теңдессізі» деп танылған еді. Әйелдер сайысында сынға түскен Жан­сел Дениз де дәл сол межеден көрінді. Құр­лық чемпионаты мен Дүниежүзілік Уни­вер­сиадада екінші орынды олжалаған қазақ қызы Бейруттегі бәсекенің финалында корея­лық таэквондошыға жол берді.

Кеше тағы бірнеше салмақ дәрежесі бо­йын­ша «жан алысып, жан беріскен» сайыс­тар өтті. Бұл бәсекелердің қалай аяқталғаны жайында газетіміздің келесі санында баяндаймыз.