• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2021

Ақмола облысында 7 қоқыс полигоны салынады

697 рет
көрсетілді

Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдықтардың 7 жаңа полигоны салынады. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Экологиялық ахуалға байланысты жағдай барынша өзекті болып қалуда. Облыста шешім талап ететін бірқатар экологиялық мәселелер бар екені өздеріңізге белгілі. Жағдайды жақсарту үшін, облыс әкімдігі салалық министрліктермен бірлесіп, өңірдің экологиялық мәселесін 2024 жылға дейін кешенді шешудің жол картасын әзірлеп бекітті», деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл құжатта атмосфераға зиянды шығарылатын заттарды тазалау және төмендету бойынша қазіргі заманғы технологияларды енгізу, газификациялау, қатты-тұрмыстық қалдықтардың 7 жаңа полигонын салу, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көлдерін тазалау, 5 электрстанция салу және тағы басқа да жобалар қарастырылды.

Осы орайда қатты-тұрмыстық қалдықтардың жеті жаңа полигоны Щучинск, Ақкөл қалаларында, Қорғалжын мен Аршалыда, Қосшыда, Коянды мен Зерендіде орналасады. Сонымен қатар Көкшетау қаласында қоқысты сұрыптаумен тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигонын салу бойынша жаңа жоба әзірленді. Қазіргі кезде оны рәсімдеу жұмысы атқарылып жатыр.