• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2021

Батырлар мен самурайлар бейнесі

1030 рет
көрсетілді

Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында мекеме қорындағы музейлік қару-жарақтар мен әскери сауыт-саймандар топтамасын қойып, «Тәуел­сіз­діктің мәдени негізі» жобасы аясында «Бір жәдігердің тарихы. Батырлар және самурайлар инс­титуты – мәдениет көрсеткіші» атты көрме ұйымдастырды.

Екі бөлімнен тұратын көрме қазақ батырлары және самурайлардың әскери сауыт-саймандары, қару-жа­рақ­тарымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Жапония тарихы, салт-дәс­түрлері, әдет-ғұрыптары, ұлт­тық мәдени һәм тұрмыс бұйымдарымен таныстырса,  күміс залда самурайлық үрдіс насихатталып, жапон өнері мен дәстүрі ұсынылды.

Оған қоса көрме залында «Бес қару» жауынгерлік құрал-сайман жиынтығы, сар­баздың қорғаныс жа­рағы, сондай-ақ батырлық дәстүрдің пайда болуына ықпал еткен көшпенді мә­дениеттің тарихы мен жетіс­тіктері жайлы баяндайтын жә­дігерлер ұсынылса, орта­ғасырлық жауынгерлер типі –  батырлар мен самурайлар бейнесін бір-бірімен тығыз байланыстыра көрсетуімен құнды болды.