• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Маусым, 2021

Үндістанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді

298 рет
көрсетілді

Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың «дельта плюс» деген жаңа штамы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Індеттің бұл түріне Үндістанда жиырмаға жуық адам шалдыққан. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша жаңа штамм әзірге зерттеліп жатыр. Оның адам ағзасына қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Алайда сарапшылардың айтуынша мутация вирустың сипатын өзгертуі мүмкін. Сондықтан науқастарды бірнеше апта бойы бақылауда ұстау керек дейді мамандар.