• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Маусым, 2021

Өткен жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 4 пайызға өсті – Асқар Мамин

269 рет
көрсетілді

2020 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен жылғы күрделі жағдайға қарамастан, жылдық инфляцияның 7,5 пайыз, жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде болуын қамтамасыз еттік. Бұл көрсеткіштер жалпы әлемдік көрсеткіштерге қарағанда айтарлықтай жақсы. Халықаралық резервтер 4 пайызға өсіп, 94,3 млрд долларды, ал алтын-валюта резервтері 23,1 пайызға өсіп, 35,6 млрд долларды құрады. Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 58,7 млрд долларды құрап отыр», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының дерегінше, әлемдік тауар нарықтарында сұраныс пен баға төмендеу салдарынан сыртқы сауда айналымы 85 млрд доллар деңгейінде қалыптасты. Оның ішінде экспорт – 47 млрд және импорт 38 млрд доллар болды.

«Сыртқы саудада 8,9 млрд доллар деңгейінде оң сальдо сақталды», деді Асқар Мамин.