• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2021

Ақтөбе облысы ауыз сумен 100% қамтылады

301 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көрсеткіш 96,2%-ды құрайды. Биыл құны 8,4 млрд теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 97,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», деді спикер. 

Бүгінде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңында 14 ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді. Сол кезде халықты газбен қамту көрсеткіші 92,6%-ға жетеді.