• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Маусым, 2021

Түрмедегі төбелестен 6 адам қаза тауып, 16-сы жарақаттанды

Мексиканың Табаско штатында түрмелердің бірінде тәртіпсіздіктер салдарынан 16 адам жарақат алды, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де түрмеден зорлық-зомбылық туралы хабарлама кеп түскен.

Оқиға орнына мемлекеттік және федералды полиция, бас прокуратура және ұлттық гвардия қызметкерлері келген. Сот-медициналық қызметке сілтеме жасай отырып, зардап шеккендер санының әлі де көбеюі мүмкін екені хабарланады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тұтқындардың екі тобы жазасын өтеп жатқан мекемені өз бақылауына алу үшін төбелескен.

 

 

Соңғы жаңалықтар