Ресейліктердің жартысына жуығы халықты коронавирусқа қарсы міндетті вакциналауды қолдаған. Бұл туралы РИА Новости РБК-ға сілтеме жасай отырып хабарлады. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының зерттеуіне елдің 1,6 мың ересек тұрғыны қатысты.
Нәтижелер көрсеткендей, респонденттердің 49 пайызы биліктің белгілі бір салалардағы жұмысшыларды вакциналауға міндеттеу туралы шешімін мақұлдаған. 16 пайызы бұл мәселеге бейжай қараса, 30 пайызы қарсылық білдірген.
100 мыңға жуық халқы бар қалаларда сауалдамаға қатысқандардың 54 пайызы идеяны қолдады, ал Мәскеу мен Санкт-Петербургте басқа қалаларға қарағанда теріс бағаланған (30 пайыз). Қызмет көрсету жұмысшыларын міндетті вакциналау Мәскеу мен аймақтардағы эпидемиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі деген пікірмен ресейліктердің 52 пайызы келіскен, ал респонденттердің 34 пайызы қарама-қарсы пікірде, ал тағы 14 пайызы нақты жауап бере алмады. Қатысушылардың 22 пайызы, көбінесе 18 жастан 34 жасқа дейінгі жастар биліктің мұндай шешімінен хабардар болмай шықты. Зерттеудің статистикалық қателігі 2,5 пайыздан аспайды деп атап өтті ВЦИОМ.
Коронавирусқа қарсы вакциналау Ресейдің барлық аймақтарында жүріп жатыр. Күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты жекелеген салалардың қызметкерлері үшін міндетті екпе енгізілген. Билік жаздың соңына қарай халықтың 60-70 пайызын вакциналауды жоспарлап отыр.