• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Маусым, 2021

Ағылшындар атой салды

684 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа біріншілігінің D тобындағы екі бірдей тартысты бәсекені тамашаладық. Лондонда Англия мен Чехия құрамалары шеберлік байқасса, Глазгода Шотландия мен Хорватия командалары күш сынасты.

Әйгілі «Уэмбли» стадионында өткен матчта қалай да өз тобында бірінші орын алуды мақсат тұтқан ағылшындар жасыл алаңға алғашқы минуттардан Джордан Пикфорд, Кайл Уокер, Харри Магуайр, Джон Стоунз, Люк Шоу, Бакайо Сака, Калвин Филлипс, Деклан Райс, Джек Грилиш, Рахим Стерлинг және Харри Кейн сынды ең үздік ойыншыларын шығарды. Чехия құрамасының бас бапкері мына жігіттерге сенім артты: Томаш Вацлик, Владимир Цоуфал, Томаш Калас, Ондржей Челустка, Ян Боржил, Лукаш Масопуст, Томаш Соучек, Томаш Холеш, Владимир Дарида, Якуб Янкто және Патрик Шик.

Ойынды бірден екпінді шабуылмен бастаған алаң иелері 12-минутта көздеген мақсатына қол жеткізді. «Манчестер Ситидің» жұлдызы Рахим Стерлингтің бағыттаған добына Томаш Вацлик тосқауыл қоя алмады. Содан кейін де бәсеке өте шиеленісті өтті. Бірақ таблдоғы есеп өзгеріссіз қалды – 1:0.

Глазгода өткен кездесуде алғашқы голды қонақтар соқты. 17-минутта Никола Влашич нысананы дәл көздеді. Бірінші кезең аяқ­талар тұста Каллум Макгрегор таразы басын теңестірді. Бірақ жер­гілікті жанкүйерлердің қуаны­шы ұзаққа созылмады. Үзілістен кейін басымдыққа ие болған хорватия­лықтар қатарынан тағы екі рет мергендік танытты. 62-минутта Лука Модрич алыстан соққы жа­сап, допты торға дәл түсірсе, 77-минутта Иван Перишич бәсе­кенің соңғы нүктесін қойды – 1:3.

Сөйтіп жеті ұпайды олжалаған Англия өз тобында бірінші орынды иеленді. Хорватия мен Чехия мәреге бірдей жетті. Екеуінде де төрт ұпайдан. Қосымша көр­сеткіштерінің арқасында хорваттар екінші сатыға жайғасса, че­хия­лықтар үшінші орында қалып қой­ды. Бірақ соған қарамастан Ярослав Шилгавы шәкірттері Еу­ро додасының келесі кезеңіне жол­дама алды.

Ал Шотландия үш кездесудің екеуін өз отанында өткізгеніне қарамастан ең соңғы орын­ды қанағат тұтты.