Astana Finance Days (AFD) - бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам қатысты, деп жазады Egemen.kz.
1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.
«Өсуді қалпына келтіру» жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:
Fin&Tech Summit: Visa сессиялары Mastercard сессиялары Fin & Tech Business Connect Форумы Жасыл өсу форумы Макроэкономикалық форум Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы Білім беру технологиялары форумы АХҚО құқық конференциясы Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т. б.Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.
Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: https://astanafindays.org/kz