Теннистен WTA-500 кезеңі аясында Истборн қаласында халықаралық турнир жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарыста қазақстандық Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына шықты.
Екінші айналымдағы кездесуде Рыбакина Элина Свитолинаны (Украина) 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Жарыстың жартылай финалына шығу үшін Рыбакина Латвия өкілі Анастасия Севастовамен кездесу өткізеді.