ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық бәйгесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Агенттік «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңіске жетті.
Марапатты ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында осындай марапат алу – тұтас «ҚазАқпарат» акционерлік қоғамы үшін үлкен құрмет. Журналистерге, оқырмандарға, әділқазы алқасына үлкен алғыс айтамыз. Көп рахмет сіздерге!», деді «ҚазАқпарат» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Умаров.