• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Маусым, 2021

Бадминтоннан Қазақстан командасы Шымкентте жаттығу жиынын өткізіп жатыр

179 рет
көрсетілді

Бадминтоннан Қазақстан командасы Шымкенттегі Орталық Азия бадминтон орталығында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаттығу жиынына ұлттық құрамадан бөлек, жастар мен жасөспірімдер командасы да шақырту алды. 

Жиынға бас бапкер Асқар Орманов жетекшілік етуде. 

Дайындық кезеңінде спортшылар жалпы дене жаттығуы мен техникалық және тактикалық дайындыққа көңіл бөледі. 

Сондай-ақ, ойыншылардың жұптық сындағы біліктілігін жетілдіруге назар аударылады. 

Жиын 30 маусымға дейін жалғасады.