• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Маусым, 2021

«Қызыл» статусы бар 600-ге жуық адам оқшаулау режимін бұзған

465 рет
көрсетілді

Ashyq жүйесі бойынша анықталған «қызыл» мәртебесі бар барлық жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 және 21 маусым аралығында Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін нысандарда «қызыл» статусы бар 570 және «сары» статусы бар 879 адам тіркелген. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары «қызыл» статусы бар қалған тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 10 маусымда КВИ-ға шалдыққан науқастар және олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық талаптар күшіне енген болатын. Белгіленген талаптарды орындамағаны үшін оқшаулау режимін бұзушыларға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 452-бабы).