• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Маусым, 2021

Швейцарияда бүгіннен бастап бетпердесіз жүруге болады

317 рет
көрсетілді

Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 маусымда елде қашықтан жұмыс істеу режимі, көшеде бет пердені кию міндеті алынды. Сондай-ақ азаматтар өзінің екпе салдырғандығын растайтын куәлікті, COVID-19 инфекциясынан сауығып шықандығы туралы немесе ПТР тесттің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынған жағдайда, мейрамханаларға келушілердің және жаппай іс-шараларға қатысушылардың санына қойылған шектеулер алынып тасталмақ.

Шенген аймағындағы басқа елдердің азаматтары Швейцарияға келгеннен кейін енді карантинге жатуға міндетті емес. Бірақ Үндістаннан, Ұлыбританиядан және коронавирустың жаңа нұсқалары қарқынды таралып жатқан елдерден келетін азаматтар үшін шектеулер күшін жойған жоқ.