Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен бұрынғы әлем чемпионы америкалық Робо Брандт жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 27 маусым, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста өтеді.
Жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко мен жапондық Масаеши Накатани андеркартында өтеді. Қазақстанда ол тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының Лас-Вегасқа жеткені хабарланған болатын.
«Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болады, бұл туралы бүкіл әлем біледі. Вегаста болып жатқан нәрсе Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін», деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.