Елена Рыбакина Истборнда өтіп жатқан турнирдің ¼ финалынан өтті. Ол латвиялық Анастасия Севастовадан басым түскен, деп жазады Egemen.kz.
Кездесу үш сетке созылып, Рыбакина 2:6, 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
«Бұл драмаға толы матч болды. Кездесуде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жалпы алғанда ойын өте жоғары деңгейде өтті. Жартылай финалға жеткеніме ризамын», дейді Е. Рыбакина.
Мач 2 сағат 32 минутқа созылған. Жартылай финалда Елена тағы бір латвиялық спортшы Елена Остапенкомен кездеседі.