• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Маусым, 2021

Субұрқақта ток соққан қыздар ауруханадан шықты

251 рет
көрсетілді

Алматыдағы субұрқақта ток соққан сегіз және он жасар екі қыз ауруханадан шықты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сегіз және он жасар қыздың жағдайы жақсарып, бүгін үйіне шықты. Одан әрі оларды үйде бақылайтын болады. Түскен кезде оларға электр жарақаты, екеуіне де бірінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған болатын», дейді Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды ток соққан еді.