• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 25 Маусым, 2021

Нейрохирургия жетістіктері барлық қазақстандықтарға қолжетімді

551 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Нейрохирургияның ұлттық орталығында Elekta швед компаниясышығарған, бүгінгі күнде ең озат «Гамма-пышақ»радиохирургия кешені іске қосылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бұл отандық медицина саласы үшін үлкен жетістік.

Осы орайда Ұлттық нейрохирургия орталығының Басқарма Төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессорыСерік Қуандықұлы АҚШҰЛАҚОВТАН отандық нейрохирургтар үшін қазір пайда болғанмүмкіндіктер туралы айтып беруді сұраған едік.

– Серік Қуандықұлы, осындай оқиғамен – Орталықта заманауи жабдықты іске қосумен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіз осы бағытта көп жылдар бойы жұмыс істедіңіз, «Гамма-пышақты» орнату мүмкіндіктері, жұмысының артықшылықтары, жұмыс істеу принциптері туралы айтып беріңізші.

– Иә, біз осыған көптен бері дайындалдық. Енді біздің орталықта «Гамма-пышақ» орнатылды, жуырда тест түрінде іске қостық. Осы жағдайға орай Нұр-Сұлтанға Elekta медициналық жабдықтарының швед өндірушілері командасынан инженерлер, осындай қондырғылар орнатылып, көп жылдар бойы жұмыс істейтін Мәскеуден және Прагадан жетекші радиохирургтер келді. Бұл біз үшін, жалпы қазақстандық нейрохирургия үшін үлкен оқиға. Осындай емді күтіп жүрген науқастар Қазақстанда көп, енді олар біздің елде көмек ала алады.

«Гамма-пышақ» — мидың ісіктерін, бас миының тамырлы және функционалдық ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Жұмыс істеу принципі кобальт-60-тың 192 көзінен радиоактивті сәулелену қолданылады, сәулелер бір нүктеге жиналады және патологиялық ошақ ауданына бағытталады, бұл ретте ісік жасушаларының ДНҚ-сы бұзылады. Ал ісіктің айналасындағы мидың сау тіндері сәулеленуге ұшырамайды. Үлкен энергияның әсері нүктелі, сәулелердің шоғы нысаналы бағытталған учаскеге дәл әсер етеді.

«Гамма–пышақтың» артықшылығы – ол терең орналасқан ісік кезінде тиімді немесе мысалы, бас миының өмірлік маңызды құрылымдары жақын орналасқан жерде тиімді. Сонымен қатар, бас миының көп мөлшерлі метастаздарында өте жақсы көмектеседі. Сәулелік терапияға қарағанда, «Гамма-пышақтың» көмегімен емдеу кезең-кезеңмен жасалады, сәулелік терапиясымен бірнеше сеанс жасау қажет. Сондықтан бүгінгі күнде «Гамма-пышақ» радиохирургияда алтын стандарт болып табылады. Біздің еліміз ТМД аумағында осындай қондырғысы бар үшінші ел. Үлкен Орталық Азияның аумағында ол жоқ. 

– «Гамма-пышақ» сіздің Орталығыңыз үшін болашақта не әкеледі? Осы кешенді іске қосумен байланысты, осы емді қажет ететін қазақстандықтар үшін медициналық көмекті көрсету жалпы қаншалықты жақсарады?

– Біз осыған мұқтаж адамдарға уақытында және тиімді көмек көрсете аламыз. Мысалы, ісіктің барлығын алып тастауға мүмкіндік болмағанда, құрарамдастырылған ем қолдануға, оның қалған бөлігін «Гамма-пышақпен» сәулелендіруге болады. Мүмкіндіктер өте көп, әсіресе диагностика уақытында жасалған болса. Қазақстанның барлық аймақтарында ол үшін жеткілікті мөлшерде диагностикалық аппаратура бар – КТ, МРТ, ангиографтар. Осы аппараттардың арқасында аурулардың бастапқы кезеңдерін диагностикалауға мүмкіндік алдық. «Гамма-пышақпен» осындай пациенттерді ауырсындырмай, күрделі және қауіпті операцияларсыз емдеуге болады.  

– «Гамма-пышақ» қандай ауруларды емдеуге арналған? Елімізде оны пайдаланумен қанша пациент емделуге мұқтаж?

– «Гамма-пышақты» пайдалануға көрсеткіштер спектрі үнемі кеңейіп отырады. Бас миі ісіктері және метастазалардан басқа, ол мальформация, аневризм, кавернозды ангиома деп аталатын тамыр аурулары кезінде қолданылады. Осы қондырғының көмегімен әлемдік практикада бас миының функционалдық ауруларын, эпилепсия, Паркинсон ауруын емдиды. «Гамма-пышақтың» мүмкіндіктерін бұдан әрі зерттеу үнемі жүргізідуде, көрсеткіштер тізімі кеңейтіліп отырады.  

– Нейрохирургия орталығының қызметкерлері осы бірегей күрделі жабдықта жұмыс істеуге қаншалықты дайын? Мамандарды дайындау қалай және кіммен жүзеге асырылды?

– Шынымен, біздің басты міндетіміз – кадрларды дайындау. Мұндай жабдықта нейрохирургтар ғана емес, сонымен қатар радиохирургтар, медициналық физиктер, радиобиологтар да жұмыс істеуі керек. Біз мамандарды алдын ала дайындадық, «Гамма-пышақпен» бұрыннан жұмыс жасап жатқан түрлі орталықтарда оқыттық – бұл Прагадағы, Миландағы, Мәскеудегі медициналық орталықтар. Біздің стратегиялық серіктесіміз Мәскеу қаласындағы Н.Н.Бурденко академигі атындағы Нейрохирургияның Ұлттық медициналық орталығы болып табылады.

– Сіздің серіктестігіңіз нені қамтиды, сіз жалпы Бурденко атындағы институтымен қаншалықты тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайсыз?

– «Гамма-пышақпен» жұмыс істеу бойынша ең үлкен тәжірибе ТМД аумағында жиналған, олар 16 жылдан аса осындай емдеумен айналысады. Бурденко атындағы нейрохирургияның ҰМЗО мамандары, біздің мамандарды, сондай-ақ орташа медициналық қызметкерлерді оқытты. Орталығымыздың тестілік ашылуымызға - Бурденко атындағы нейрохирургияның ҰМЗО радиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, РҒА корреспондент-мүшесі, профессор, медициналық ғылымдар докторы Андрей Голанов, аға физик Валерий Костюченкокелді, олар бірнеше операциялар өткізді, біздің мамандармен бірге жұмыс істеді. Нәтижелер бойынша біздің команданың кәсібилігі мен болашағын ерекше атап өтті.

– Бұл жабдық, біздің түсінуімізше, өте қымбат. Ол қандай қаражатқа алынды?

– Мұндай аппаратура – даналанған, ол еркін сатылымда жоқ, оған тапсырыс беру керек. Біз «Гамма-пышақты» мемлекеттік қаражат есебінен сатып алдық. Айта кету керек, мемлекет Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударады және осындай қымбат құрал-жабдықтар сатып алу - соның дәлелі.

– Қазақстандық науқастар «Гамма-пышақ» кешенімен тегін медициналық көмек аясында ем қабылдай ма?

– Осы уақытқа дейін «Гамма-пышақ» көмегімен емделуге мұқтаж науқастар мемлекет есебінен шетелге емделуге жіберіліп келген. Біздің елде мұндай аппараттың болмауына байланысты бұл арнайы бағдарлама болды, сондықтан мемлекет бұл шығындарды өз мойнына алуға мәжбүр болды. Енді, біз өз еліміздегі баршаны жылдам және тиімдірек емдейтін боламыз деп үміттенемін. Әрине, қазақстандықтар үшін ем тегін болады.

– Радиология және радиохирургия бөлімшесінде шетелдік науқастармен жұмыс жоспарланған ба? Сіз енді мұндай жабдық Орталық Азияда жоқ деп айттыңыз, көрші елдерден келген науқастар емделуге қызығушылық танытатын болар?

– Иә, «Гамма-пышақ» жабдығы медициналық туризмді дамытуға, басқа мемлекеттің азаматтарын емдеуге мүмкіндігін береді. Себебі Орта Азияның аумағында бір жалғыз аппарат, ал  - Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және тіпті Ресейдің шекаралас өңірлерінде үлкен мұқтаждық бар.

– Біздің елімізде нейрохирургиялық емге мұқтаж науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру деңгейін қалай бағалайсыз? Бұл жетістіктерге қалай қол жеткізіледі?

– 2008 жылы біздің Орталықты құра отырып, біз Қазақстанда жоқ бірнеше нейрохирургия бағыттарын аштық - мидың қан тамырлары ауруларын емдеу, оның ішінде эндоваскулярлық, мидың функционалды ауруларын емдеу, омыртқа патологиясына арналған қалпына келтіру хирургиясы. Осы жылдар бойы бұрын сонды елімізде болмаған шамамен 70 жаңа технологиялар енгіздік. Бұл біздің елімізде нейрохирургиялық көмекке мұқтаж қазақстандықтарды емдеуге мүмкіндік берді. Ең басты міндеттеріміз шетелден бізге ғана емес, сонымен бірге астаналық Орталықтан аймақтарға технологиялар трансферті болды. Бүгінгі күні осы жұмыстың арқасында 50-ден астам жаңа технологиялар еліміздің түрлі аймақтарында сәтті қолданылуда, қазір науқастар үйде емделуге мүмкіндік алу үшін жақсы деңгейдегі нейрохирургтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғарыда айтып өткенімдей, аймақтарда аурулардың ерте диагностикасын жасауға қол жеткіздік.

Біздің Орталық халықаралық әріптестерге танымал болды. Біз Бүкіләлемдік нейрохирургиялық қауымдастықтар федерациясының, Азиялық нейрохирургтар конгресінің құрамына кірдік. Бідің Орталықты Орта Азияның нейрохирургтарын дайындайтын алаң ретінде белгіледі. Ең бастысы, біздің Орталықтың ғана емес, Қазақстанның тағы алты клиникасының халықаралық аккредитациядан өткендігі қуантады. Бұл біздің денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік деңгейдегі жүйелі жұмыстар туралы, мемлекеттің нақты қолдауы туралы айтады.

«Гамма-пышақ» сияқты жоғары технологиялық жабдықты сатып алу жалпы елдегі нейрохирургияның, атап айтқанда стереотаксикалық радиохирургияның маңызды кезеңі болып табылады. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлемде емдеудің жаңа әдістері пайда болып жатыр. Алдағы уақытта біз жаңа технологияларды зерттеп, өз орталығымызда қолданып, аймақтарға таратқымыз келеді. Біздің мақсатымыз - жоғары технологиялық медициналық көмекті барлық қазақстандықтарға қол жетімді ету, ал Нұр-Сұлтандағы Ұлттық нейрохирургия орталығы жаңа технологиялардың қақпасына айналуы тиіс.

Әңгімелескен

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»