• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Маусым, 2021

БҚО-да суға батып бара жатқан 19 жасар жігіт құтқарылды

267 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт суға кетіп қала жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сәйкес, оқиға бүгін Бәйтерек ауданы «Сая» демалыс орнындағы жасанды су қоймасында болды.

«Жағажай құтқарушылары Абзал Әжіғали мен Бақтияр Қайратұлы шомылып жүргенде, батып бара жатқан жас жігітті құтқарып қалды. Судан шығарғаннан кейін оның жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырды. Есін жиғаннан кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі кезде қалалық көпбейінді ауруханада дәрігерлердің бақылауында», деді ведомстводан.