25 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 85 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР ДСМ мәліметінше, 1 тамыздан бастап бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы: шалдықты – 56 925 адам, қайтыс болды – 983, жазылды 52 143 науқас.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 25 маусымда коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды. Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 25 маусымы аралығында індеттің 418 114 жағдайы тіркелді, қайтыс болды 4306 адам.