• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Маусым, 2021

Вакцина алғандар пәтер мен көлік ұтысына қатыса алады

465 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясымен күрес екінші жылға созылып барады. Жыл басынан бері осынау күрес вакциналаумен күшейді. Бұл – ұжымдық иммунитетті дамытудың және өмірдің бұрынғы жағдайына оралудың жалғыз, тиімді әдісі.

Осы ретте елордада «Вакцина ал – машина ұтып ал» акциясы бастал­ды. 23 маусым мен 31 тамыз аралығын­да «Mega Silk Way» СОО-да Сovid-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады. Акцияның бас серіктесі – «Астана Моторс» ҚМК. Финалдық ұтыс ойы­нын 5 қыркүйекте «Mega Silk Way» СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар апта сайын тұрмыстық техника, түрлі сер­тификаттар және тағы басқа да сыйлықтар ойнатылады.Акцияның мақсаты Қазақстанда вакциналау қарқынын арттыру екені түсінікті. Мұндай акциялар түрлі ел­дерде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моң­ғолия, Сербия, Индонезия, Қы­тай, Венгрия, Израиль елдерінің үкі­меттері вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткі­зуді қолға алған еді.«Вакцина ал – машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми ак­каунттарынан алуға болады.Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қала­сының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцина салдырғандар арасында пәтер ұтысы ойнатылатынын мәлімдеді.«Коронавирустың таралуын бол­­дырмау және вакциналау жүр­гізу бойынша штаб отырысын өт­кіздім. Орынбасарларыма, бас­қарма басшыларына және аудан әкім­деріне жетекшілік ететін салаларда вакциналаудың маңыздылығы мен қажеттілігін жоғары деңгейде түсіндіру үшін жекелеген жауап-­­кершілік жүктелді. Ұжымдық имму­нитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-дан астамы вакциналануы қажет. Санитарлық дәрігер­лер қосымша карантин шектеуле­рі ту­ралы жаңа қаулы дайындауда: қауіп-қатер тобы үшін вакцина алу міндетті, вакциналанбаған қыз­меткерлерді қашықтан жұмыс істеу режіміне көшіру сияқты талап қойы­лады. Қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатырмыз. Ал жаңадан вакциналанғандар арасында инвесторлар есебінен екі бөлмелі пәтер ойнатпақпыз. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе сауда-ойын-сауық орталықтарында екпе алған қала тұрғындарының бәрі қа­тыса алады. Ал пәтер ұтысының ­ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вак­цинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғын­дары қатыса алады. Қыркүйек айы­ның басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вак­ци­наланғандарды толығымен қам­ту үшін IT-қоғамдастықты жұмыл­ды­рамыз», деп жазды елорда әкімі.