• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Маусым, 2021

Екібастұзда жолаушыны көлік қағып кетті

174 рет
көрсетілді

Екібастұзда белгіленбеген жерден өткен жолаушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 18:30-да Әуезов көшесіндегі 83-ші үйге қарама-қарсы Тойота Chaser автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қала тұрғынын қағып кеткен.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жол апатына қатысты тексеру жүргізіледі.