• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Маусым, 2021

Мәскеуде қатаң карантин күшіне енді

151 рет
көрсетілді

Мәскеудегі мейрамханалар Сovid-free ережелері бойынша жұмыс істей бастады. Енді тамақтану орындары тек коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған, соңғы 6 ай ішінде індеттен сауығып шыққан немесе ПТР-тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары бар адамдарды ғана қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кәсіпкерлер I.moscow порталында COVID-free форматында жұмыс істеуге ниет білдіруде. Бұдан кейін олар тек QR кодтар арқылы келушілердің нысандарға кіруін ұйымдастырады. QR кодтар олардың коронавирустық инфекцияға қарсы егілгенін немесе соңғы алты айдағы ауру фактісін немесе EMIAS-да есепке алу үшін сертификатталған зертханалардың біріне ПТР анализдерді тапсырғанын растайды», деп түсіндірді Мәскеу мэрі аппараты басшысының бірінші орынбасары Алексей Немерюк.

Ол QR-кодты тексеру бірнеше секунд уақытты алатынын нақтылады: смартфон камерасын кодқа сәйкестендірген кезде экранда сертификаттың жарамдылығын растайтын ақпарат, смартфон иесінің тегі, аты, әкесінің аты және құжаттармен салыстыру мақсатында оның төлқұжатының бірнеше саны пайда болады.