Алдағы шілде айында қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Демалыс күнін 2021 жылы ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 қаулысына сәйкес демалыс күні 2021 жылғы 3 шілде сенбіден 5 шілде дүйсенбіге ауыстырылған. Ал 6 шілде елорда күні. Осылайша қазақстандықтар үшін 4, 5, 6 шілде демалыс болып есептеледі.
Жалпы Қазақстан тұрғындары шілде айында 10 күн демалады.