«Біз Қазақстан Республикасында әр адамның жеке құқығы қорғалып, оның азаматтығын заңдастыруда барлық мүмкіндік қарастырылғанына сенімдіміз. Өткен жылдың соңында Қазақстан аумағында азаматтығы жоқ 7 мың адам тіркелді. Айтып өткен жөн, «азаматтығы жоқ» мәртебесін ресми түрде алған адам, заң аясында өз құқығын қорғап, азаматтығы бар адамдармен бірдей мүмкіндіктерді қолдана алады. Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстарды ІІМ құзырлы және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп атқарып жатқан еңбегі өз жемісін беріп жатыр. Біз де өз тарапымыздан азаматтығы жоқ адамдарға жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз», деді Азаматтығы жоқ мәселелер жөніндегі өңірлік кеңесші, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссар басқармасының Орталық Азия бойынша өкілі Роман Марин.
Қазақстан
•
29 Маусым, 2021
Елімізде 7 мың адамның азаматтығы жоқ екені анықталды
665 рет
көрсетілді