• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Маусым, 2021

Құжатың болмаса, вакцина да салдыра алмайсың

366 рет
көрсетілді

Елімізде 4686 адам осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүріп келсе, тағы 2 мыңға жуығы КСРО-ның бұрынғы қызыл төлқұжатын ұстап жүрген. Бұл деректер республика көлемінде өткізілген құқықтық мәртебесі реттелмеген, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау және оларды құжаттандыру науқаны кезінде белгілі болып отыр.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейт­жанов пен азаматтығы жоқ мәсе­лелер жөніндегі өңірлік кеңесші, БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойын­ша өкілдігі Роман Марин ауқымды акцияның алғашқы қоры­тындысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.Акция нәтижесінде құжатсыз жүргендердің көбі, негізінен, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында анықталған. ІІМ өкілінің хабарлауынша, науқан кезінде осы азаматтардың 3408-не жеке басын куәландыратын куәлік берілсе, қазіргі таңда 1278 тұр­ғынға қатысты құжаттандыру мәселесі аяқталып қалды.Баспасөз мәслихатында Көші-қон қызметі комитетінің өкі­лі құжатсыз жүргендерге жеке куәлікті қалай алуға бола­тындығы туралы ақпаратты бөлісті. «Азаматтығы жоқ адам­дарды анықтау және құжат­тан­дыру науқаны қазір де жалғасып жатыр. Акция аясында мүлдем құжатсыз жүрген азаматтар өзде­рінің құқықтық мәртебесін анықтау және жеке басын куә­ландыратын құжат алу үшін жер­гілікті көші-қон қызметі бөлім­шелеріне жүгіне алады», деп атап өтті спикер.«Өмірдегі түрлі жағдайға байланысты адамдар құжатсыз қалуы мүмкін. Алайда қандай жағдайда болсын кез келген адамның жеке куәлігі болуы қажет. Онсыз ешқандай әлеу­меттік көмек, жәрдемақы ала ал­майды, тіпті жұмысқа да тұ­ра алмайды. Құжатсыз адам не істеу керек? Еліміздің бар­лық аймағында Көші-қон коми­тетінің бөлімшелері бар. Алды­мен сол жерге барып, азамат өзінің құжатсыз жүргенін айту керек. Сол жердегі мамандар ол азаматтың мәртебесін анықтап, уақытша құжат бере алады. Кейіннен бұл азаматқа қатысты толық жағдай анықталып, оның неліктен құжатсыз жүргені анық­­талған соң ресми түрде Қа­зақ­станның азаматы екенін дәлелдейтін жеке куәлік беріле­ді», деді ол.Ал «Елімізде жеке куәлігі жоқ азаматтар коронавирус інде­тіне қарсы вакцина салдыра ала ма?» деген сұраққа С.Сейіт­жанов жеке куәліксіз вак­цина алу мүмкін емес екенін де айтып өтті. «Вакцина алған кезде азаматқа қатысты жеке мәлімет базаға енгізіледі. Сондықтан да кез келген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болуы шарт. Ал ЖСН-сіз, жеке куә­лік­сіз вакцина алу мүмкін емес. Яғни ол вакцина алған азаматтардың есебіне кірмейді. Сондықтан да азамат, ең алдымен, жеке құжатын рет­тегені дұрыс», деп түсіндірді ол.Естеріңізге сала кетейік, жеке құжатсыз жүрген азаматтарды анықтауды мақсат тұтқан кең ауқымды акция ел аумағында 2020 жылдың қазан айынан бас­тап ұйымдастырылып келеді. Іс-шараға ұйытқы болғандар – ІІМ, үкіметтік емес ұйымдар, Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және «Сезім – әйелдер бастамасы» құқық орталығы.