• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Сыр өңірі «сары аймаққа» қайта оралды

391 рет
көрсетілді

Елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты сақтық шаралары қайта күшейтіліп, біраз өңірлер «қызыл аймаққа» өтті. Ал осыған дейін індет жұқтырғандар саны айтарлықтай азайып, «жасыл аймақтың» жайбарақат тірлігіне бой үйрете бастаған Сыр өңірі «сарының» табалдырығын аттады.

27 маусымдағы мәлімет бо­йынша өңірде 28 адам індет жұқ­тырған. Келесі күні 17 жағдай тір­келді. Жыл басынан бері облыста 3 707 тұрғынның бойынан дерт белгісі байқалған. Әрине, олардың дені емделіп шықты.Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орын­­басары Балжан Шәменова, об­лыстық санитарлық-эпи­де­мио­логиялық бақылау депар­та­мен­тінің басшысы Динара Жаңа­бергенова, облыс­тық денсаулық сақтау бас­қар­масы басшысы­ның мін­детін атқарушы Жангелді Ша­йым­бетовтің қатысуымен брифинг өтіп, өңірдегі вакциналау жұ­мыстарының барысы жайлы айтылды.– Соңғы күндері індет жұқ­тырғандар саны көбейіп, облыс «сары аймаққа» өтті. Осыған бай­ланысты сақтық шараларын кү­шейте түсеміз. Бұл ретте тұр­ғындардың да өз саулығына сал­ғырт қарамай, белгіленген шектеу­лер талаптарын сақтағаны жөн. Ауруды азайтуға мүмкіндік бе­ретін ұжымдық иммунитет қа­лып­тастыру үшін халықтың кем дегенде 60%-ы вакциналаудан өтуі қажет. Жағдайды барын­­­ша тез тұрақтандырудың жалғыз жолы – осы, – деді облыс әкімінің орынбасары.Өңірде 106 екпе кабинеті жасақталған. Сонымен қатар адам­дар көп жиналатын жерлерде 37 жылжымалы пункт тұрақты жұмыс істеп тұр. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы басшысының мін­детін атқарушы Жангелді Ша­йым­бетов 1 ақпаннан бастап инфек­цияға қарсы вакциналау үшін ­331 920 доза жеткізілгенін атап өтті. Қазір облыстағы 20 меди­циналық мекемеде егу таңертеңгі 8.00-ден түнгі 00.00-ге дейін үзі­ліссіз жүргізіледі. Аймақта вак-­­цинаның бірінші компонентін 143 949 адам алса, екінші бөлігін 77 109 тұрғын салдырған. Облыс бойынша инфекция­лық стационарда 225 науқас, реани­мациялық төсектік орында 24 адам ем қабылдап жатыр. Дәрі­герлер бойынан дерт байқал­ған­дарды белгіленген тәртіппен емдеуде. Ауруханада орын жетпей қалады деген қауіп жоқ. Облыстық санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау депар­таментінің басшысы Динара Жаңа­бергенованың айтуынша, жыл ба­сынан бері мониторингтік топ­тар рейдтік тексеріс жүргізіп, карантин талаптарын бұзудың 335 дерегін анықтаған. Шектеу талаптарын сақтамайтындар қатарында халыққа қызмет көрсету нысандары басым. Арнайы топ өкілдері көп адамның қатысуымен үй жағ­дайында ұйымдастырылған мере­келік іс-шаралар саны да азаймай тұрғанын айтады.Ауырып ем іздегеннен, ауыр­мау­дың жолын іздеген жеңіл еке­нін әлі де түсінбей келеміз-ау.

Қызылорда